Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың медициналық ұйымдарында 67,7 млн теңгеден асатын ақаулар анықталды

Қызылорданың медициналық ұйымдарында 67,7 млн теңгеден асатын ақаулар анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Гүлнар Кенжебаеваның айтуынша, ағымдағы жылдың екінші тоқсаны бойынша медициналық ұйымдарда 67,7 млн теңгеден асатын ақаулар анықталды.

Мониторинг барысында анықталған негізгі кемшіліктер: емдеу-диагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру, медициналық қызмет ақысын негізсіз қымбаттату. Өңірлік комиссияның шешімі бойынша осы аталған қаражат қажеттілігі мен басымдығы бойынша облыстың медициналық ұйымдарына қайта бөлінетін болады.
Айта кетейік, 2019 жылы медициналық ұйымдарға халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуге 42,4 млрд теңге бөлінді. Осылайша, тегін медициналық көмекке бөлінген қаржыландыру көлемі биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда 8,5% артық.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы медициналық қызметтерді сатып алып қана қоймай, көрсетілген қызметтердің сапасын тексереді. Аймақ бойынша мемлекеттік тапсырыспен халыққа 74 медицина ұйымы қызмет көрсетті. Олардың 44-і жеке меншік.
Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекті жеткізушілердің мониторингін "медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі" денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесінде күн сайын жүзеге асырылады. Бұдан басқа, мониторинг медициналық мекемелерге бару арқылы жүргізіледі.
06 тамыз 2019 ж. 484 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области