Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда ақша айырбастау қиындай түседі

Қазақстанда ақша айырбастау қиындай түседі

Kyzylorda-news.kz. Валюта айырбастау пунктерінің жұмыс уақыты шектеледі. Сондай-ақ, бұл операцияны жасау үшін құжат көрсету керек болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Валюта айырбастау пунктері сағат 10-нан 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ұлттық банк осындай өзгеріс енгізуді көздеп отыр.
"ҚР қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық банк басқармасының қаулысының жобасына жарияланды.
"Айырбастау пунктінің жұмыс режимін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға белгілейді. Пункт 10:00-ден 19:00-ге дейінгі шекте жұмыс істеуі керек", - деп жазылған қаулы жобасының 33-2 тармағында.
Әрбір айырбастау операциясы бойынша тізілімдер журналы жүргізіледі. Құжаттың 51-тармағында сол журналда қандай мәлімет жазылатыны көрсетілген. Олар: клиенттің аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі.
Құжат 2019 жылдың 16 тамызына дейін "Ашық НҚА" порталында талқыланады.

06 тамыз 2019 ж. 341 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области