Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ТІРКЕУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ТІРКЕУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Жылжымайтын мүлікке туындаған құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті болып табылатын тіркелім рәсімі. Сатып алу-сату шарты, мұрагерлік ету, айырбастау немесе жалға алу шарттары сіздің құқығыңызды растамайды, туындаған мәміле міндетті түрде Әділет органдарында тіркеуге негіз болып табылады.
ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі №310-ІІІ Заңының 3-бабынын 1-тармақшасында «Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) және онымен жасалатын мәмілелердің туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады» делінген.
Сонымен қатар, заңның 5-бабында жылжымайтын мүлікке құқықтардың мынадай ауыртпалықтары құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. Кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы. Сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қорғаншылық, қамқоршылық кезінде, мұралық құқық қатынастарында, банкроттықта және басқаларында сенімгерлікпен басқару құқығы, кепіл, тыйым салу. Мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған билік етуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға шектеу қоюы (тыйым салуы). Басым мүдделерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтардың өзге ауыртпалықтары.
Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлік иесі құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырылған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілеуші құжаттар берілген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге тиіс делінген.
Жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауын және құқық ауыртпалығын тіркеу үшін тіркеу органға тіркеу туралы өтінішпен жүгінудің алты айлық мерзімін бұзған мезгілде тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 460 бабымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
Тіркеудің мерзімі 3 күнге дейін қысқартылған. Жеделдетілген тәртіппен тіркеу мерзімі 1 жұмыс күні болып қалдырылған.

Н.БОДЫБАЕВА
Қызылорда қалалық әділет басқармасы басшының орынбасары
27 маусым 2018 ж. 1 326 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области