Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының өкілдері Арал ауданында болды

Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының өкілдері Арал ауданында болды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының жоба менеджері Йорг Динкелакерді және аталған орталықтың ғылыми қызметкері Мартен Ове Кюльді қабылдады.

Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының өкілдері балық шаруашылығын дамытуға қадам жасау мақсатында ауданға келген сапарында Көкарал бөгетінде, «Қамыстыбас» балық питомнигінде және балық өңдеу зауыттарында болып, жұмыс барысымен танысқан болатын.
Кездесуде аудан басшысы балық шаруашылығын дамыту бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ал келген қонақтар Аралдағы балық шаруашылығы саласында Германия елімен көптеген ұқсастықтары бар екенін айтты. Сондай-ақ, мамандармен тәжірибе алмасып, балық өнімдерін Еуропаға экспортау және балық шаруашылығын дамыту үшін бірлесіп жұмыс жасау жөнінде мүмкіндіктер қарастыратынын айтты.
08 тамыз 2019 ж. 376 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области