Қызылордада пәтер сату-сатып алу келісімшарттары көбейген
Kyzylorda-news.kz. Елімізде жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап барады, деп хабарлайды «Хабар 24»
Қазақстанда жылжымайтын мүлік қымбаттаған. Өткен айда жаңа баспанадағы бір шаршы метрдің құны 0,6% көтерілген. Осылайша, қазір жаңа салынған нысандардағы бір шаршы метр бағасы 274 мың теңгеден асады.
Жалпы шілде айында жылжымайтын мүлік нарығында белсенділік байқалады. Саладағы алу-сату бойынша келісімшарттар да көбейген. Пәтер алушылардың көбі – Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарының тұрғындары. Ал маңғыстаулықтар керісінше, баспана сатып алудан ең соңғы орында тұр. Елордада тұрғын үйлерді алу-сату бойынша келісімшарттар саны шамамен екі есе артқан. Жылжымайтын мүліктің қымбаттауы, жалдамалы баспаналардың құнына да әсер еткен. Республика бойынша жалға берілетін үйлердің бағасы 0,7% өскен.