Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада үй бағасы арзан

Қызылордада үй бағасы арзан

Қызылордада тұрғын үй бағасы 1%-ке төмендеген, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сыр өңірінде тұрғын үйдің бір шаршы метрі 135 675 теңгеге тең. Сарапшылар жыл басынан бері Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгергенін айтып берді.
Саяси ауыс-түйіс, бағам өзгерісі мен маусымдыққа қарамастан ҚР тұрғын үйлер нарығында әзірше үлкен өзгерістер жоқ. Мысалы, былтырғы IV тоқсанмен салыстырғанда осы жылдың I тоқсанында Қазақстан бойынша бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен 2,2 пайызға өскен. Жалпы алғанда, елдің 14 аймағында оң динамика байқалады.
Елордада үй бағасы тұрақты деуге болады. Нұр-Сұлтандағы тоқсандық көрсеткіш 2018 жылғы IV тоқсанның деңгейіне жақын (+0,05 пайыз). Ал Алматыда ол 3,4 пайызға өскен. Көшбасшылар - Тараз, Атырау, Көкшетау (+5 пайыз) мен Шымкент (+5,3 пайыз).
Қызылордада бұл көрсеткіш 1 пайызға төмендесе, Атырауда -4,5 пайыз тіркелді.
2018 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда Қазақстанда үй бағасының индексі 4,4 пайызға өскен. Мұнда Алматы (+9,4 пайыз), Өскемен (+10,8 пайыз) мен Шымкент (+16, 1 пайыз) көш бастап тұр. Тек үш қалада баға төмендеген: Қызылордада (-3,6 пайыз), Ақтөбеде (-4,1 пайыз) және Ақтауда (-8,5 пайыз). Қазіргі көрсеткіштерге келер болсақ, соңғы айда олар 0,6 пайызға өскен.
Наурызда үш қалада үйдің қымбаттағанын байқауға болады: Қарағандыда (+1,3 пайыз), Нұр-Сұлтанда (+1,6 пайыз) және Петропавлда (+2,1 пайыз). Семей (-0,3 пайыз), Тараз (-0,8 пайыз) және Қызылордада (-2,1 пайыз), керісінше, үй арзандаған. Басқа аймақтарда үй бағасы қатты өзгере қоймады.
Үй бағасы арзан топ-5 қала:
Қызылорда - бір шаршы метрге 135 675 теңге.
Ақтөбе - бір шаршы метрге 148 550 теңге.
Тараз - бір шаршы метрге 155 475 теңге.
Семей - бір шаршы метрге 169 050 теңге.
Павлодар - бір шаршы метрге 175 750 теңге.
Үй бағасы қымбат топ-5 қала:
Алматы - бір шаршы метрге 377 000 теңге.
Нұр-Сұлтан - бір шаршы метрге 332 950 теңге.
Атырау - бір шаршы метрге 265 075 теңге.
Шымкент - бір шаршы метрге 226 200 теңге.
Қарағанды - бір шаршы метрге 207 100 теңге.
Алматы мен Шымкентте үй құны өсіп келеді - ай сайын баға өткен рекордты жаңартып жатыр.
Ал Астанада жағдай басқаша: ақпанда үй бағасы арзандаған, бірақ наурызда өткен айлардың рекорды жаңартылды.
Сарапшылардың пікірінше, үй нарығында сатушылардың талаптары өзгермеген, ол техникалық тұрғыда ғана байқалады. Бұл нарық құрылымының өзгерісі мен өткен жылдардағы долларландырудан кейінгі қалыпқа келу процесіне байланысты. Сарапшылар алдағы уақытта жағдай тұрақты болады деген пікірде.

05 сәуір 2019 ж. 638 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области