Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ет өндіру көлемі 17,8 пайызға артты

Қызылордада ет өндіру көлемі 17,8 пайызға артты

Елде ет өндіру көлемі артты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қаңтар мен қараша айлары аралығында елдегі мал шаруашылығының жалпы өнімі шамамен 13 пайызға өскен. Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында тіркелді. Жыл ішінде өңірдегі өнім көлемі 16,5 пайызға молайып, табыс мөлшері 309,1 млрд теңгені құрапты.
Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 254-ті, ал Түркістан облысында – 228,7 млрд. Теңгені құрап отыр. Бұл туралы «ЭнерджиПром.кз» сайты хабарлайды.
Ал жыл ішіндегі өсім қарқыны бойынша Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Бұл облыста шамамен 22 пайыз. Артынша Маңғыстау облысы 18,8 пайызды, ал Қызылорда – 17,8 пайызды құрады.
2021 жылға дейін Ақмола мен Қарағанды облыстарында ет пен ет өнімдерін қайта өңдейтін 1 кешен және 16 сүт фермасы бой көтереді деп жоспарланып отыр. Аталған жобалар импортқа деген тәуелділікті бәсеңдетуге бағытталған.

21 желтоқсан 2018 ж. 524 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области