Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тамыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамы

Тамыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Жоғары атмосфералық қысымның және оңтүстіктен жеткен циклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады.

Елдің тек солтүстігі мен шығысында және орталығында солтүстік батыстан соққан циклонның ықпалымен кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте және солтүстік-батыста түнде және таң ата тұман түсіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Орталықта бұршақ жаууы да ықтимал.
Қарағанды облысының бірқатар аумақтарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да ықтимал.
Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таң ата тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар аумақтарында өрт қауіпі сақталады.

09 тамыз 2019 ж. 295 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области