СОТ САЛАСЫ ДА ЖАҢҒЫРУҒА САЛМАҚТЫ ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Қызылорда облыстық сотының Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында өткен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шарасы да бағдарламалық мақала міндеттеріне орай ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталып, ел тәуелсіздігі жылдары Қазақстанның жеткен жетістіктерін атап өтті. Тәуелсіздіктің нәтижесінде қоғамдық-саяси өмірде, экономикада республика соттарында түбегейлі реформалар жасалғанын жеткізді. Бүгінде Елбасы бастамасымен қолға алынған жаңғыру бастамаларына сот жүйесінің қосар үлесі қомақты болуы керектігін айтты.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне орай судьялар, отставкадағы судьялар мен сот жүйесінің бірқатар қызметкерлері түрлі марапаттарға, айрықша белгілерге, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.
Салтанатты шара соңында қатысушылар Тахауи Ахтановтың «Ант» атты шығармасының желісі бойынша облыстық драма театр артистері қойған қойылымды тамашалады.