Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімі Ресейдің Алматы қаласындағы бас консулымен кездесті

Облыс әкімі Ресейдің Алматы қаласындағы бас консулымен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті. Кездесу барысында Қуанышбек Ысқақов пен Евгений Бобров экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

"Менің өңірге сапарымның мақсаты, ең алдымен, облыстың жаңа әкімімен танысу және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі жоспарларды бекіту болды. Біз Қызылорда облысымен түрлі салаларда, оның ішінде халықаралық деңгейде "Байқоңыр" ғарыш айлағында бірлескен жобалар бойынша жұмыс істейміз. Сонымен қатар, қосымша бірлескен жобалар құру, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы әңгіме болды", - деп атап өтті Евгений Бобров.
Бас консулдың айтуынша, Қызылорда облысы оған жақсы әсер қалдырған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Евгений Бобров өңірге сәуір айында келген болатын.
"Мен облыстың ақпараттандырудағы жетістіктеріне, әсіресе өңірлік ахуалдық орталыққа таң қалдым. 500-ге жуық қызылордалық түлек Ресей Федерациясының ең үздік ЖОО-да білім алуда. Жалпы біздің әңгіме достық сипатта өтті", - деп атап өтті Евгений Бобров.

14 тамыз 2019 ж. 331 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области