Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ресей мен Тәжікстанның бас консулдары Қызылорда облысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Ресей мен Тәжікстанның бас консулдары Қызылорда облысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Kyzylorda-News.kz. Дипломатиялық миссия өкілдері Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ресей Федерациясының Бас консулы Евгений Бобров пен Тәжікстан Республикасының Бас консулы Баходур Назир Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында консулдық басшылары қаланың сол жағалауындағы құрылыс барысымен және ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, аймақтық IT-парк пен Қызылорда облыстық өлкетану мұражайына барды.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевпен кездесу барысында түрлі салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
"Сіздердің өңірлеріңізді аралап көргендегі әсерім өте жақсы. Қаланың даму қарқыны, болашағы жақсы екенін аңғардым. Облыс әкімі аймақтың мектеп түлектері ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқанын айтты. Аймақ басшылығы халықтың өмірін жақсартуға тырысатыны айқын көрінеді", – деді РФ Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров.
Өз кезегінде, Тәжікстанның Алматыдағы Бас консулы Баходур Назир аймақтың ежелгі тарихын айтып өтті.
"Облыс әкімімен кездесуде біз ынтымақтастықтың бірқатар маңызды мәселелерін талқыладық. Алдағы уақытта екі елдің мәдениетімен танысу үшін туристер ағынын жолға қоюды жоспарлап отырмыз", - деді Баходур Назир.
18 сәуір 2019 ж. 427 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области