Қазалыда ауыл тұрғындары онлайн түрде кеңес алады
Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының тұрғындары кәсіпкерлікті дамытуға байланысты мамандардан онлайын режимде кеңес алуда.
Аталған жоба аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімінің «Қазалы ауданының ауылдық округ тұрғындарына онлайн режимде бейнебайланыс арқылы кәсіпкерлік мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету және кеңес беруді ұйымдастыру» жобалық басқару шеңберінде жүзеге асуда.

Ауданға қарасты Ақжона, Алға, Аранды және Арықбалық ауылдық округінің тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерінің сұрақтарына аудандық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары онлайн режимде бейнебайланыс арқылы жауап берді.
Айта кетейік, бұл жоба 2019 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасатын болады.