Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында электр жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда облысында электр жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. Аймақта электр энергиясының сапасын арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы "ҚЭТТҚ" АҚ-ның басқарма төрағасы Мұхамеджан Кәрімбаев облыстық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында мәлімдеді.

"Биыл бекітілген инвестициялық бағдарлама қаражаты есебінен 1 тамызға дейін қажетті материалдар мен жабдықтар алынып, белгіленген жұмыстар орындалды. Қызылорда қаласына қарасты Шанхай, Титов, Қызылжарма, Коммунизм мөлтек ауданына және Шиелі кентіне оқшауланған электр жүйелері құрылуда. Сонымен қатар, 7300 жаңа есептегіш құрал орналастыралады. Жаңа құрылғылардың ерекшелігі - кез келген ауа-райына төзімді, сырты қапталған. Және жалғанған сымдардан өздігінен ұрлық ток тартып ала алмайтын болады",- деді М.Кәрімбаев.
Аймақ бойынша 120 электрлік қосалқы станйиялар ауысады, оның 73 пайызы Қызылорда қаласына тиесілі. 2017-2020жылдарға түзетілген инвестициялық бағдарламасын іске асыру барысында электр энергиясы ысыраптарының азаюы сағатына 36,3 млн. кВт деп күтілуде. Ал электр желілерінің тозуы 7 пайызға дейін төмендейді деп жоспарлануда.
14 тамыз 2019 ж. 358 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области