Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан халқының саны 18,5 млн адамға жетті

Қазақстан халқының саны 18,5 млн адамға жетті

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 1 шілде айында Қазақстанда халық саны 18 млн 507,9 мың адам болды. Бұл өткен жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 235,5 мың адамға көп немесе 1,3 пайызға өскен. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 816,6 мың адам немесе 58,2%, ал ауыл халқының саны 7 млн 726,3 мың адам немесе 41,8% болды.
Осы жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда Қазақстанға қоныс аударғандар саны 11,3% азайған, ал елден кеткендер саны 16,9% артты. Елдің негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 82% және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 90,6% болды.
Елдің аумағында қоныс аударғандар саны 22,7% артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық миграциясының оң сальдосы елдің төрт өңіріне келді. Олардың қатарында Маңғыстау облысында (556 адам) және Шымкент (3710), Алматы (13650), Нұр-Сұлтан (14104) қалалары бар.
15 тамыз 2019 ж. 342 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области