Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 19 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

19 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2008 жылғы 11 желтоқсандағы арнайы 63/139 қарарымен жариялаған. Оны 2009 жылғы 5 наурызда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялады. Тамыздың 19-нда атап өтіледі. 2003 жылы осы күні БҰҰ-ның Бағдаттағы штаб-пәтеріндегі жарылыстан 22 адам қаза тапты. Соның ішінде, БҰҰ-ның көрнекті қайраткері Сержиу Виейра ди Меллу де бар. 2009 жылы атап өтілген Бірінші Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні басқаларды құтқару кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымына 180-ші мемлекет болып кірді.

1993 жылы «ОңтүстікҚазмұнайгаз» бірлестігінің геологтары Қызылорда облысындағы «Құмкөл» кен орнынан мұнайдың кенін тапты.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Туған жер» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды. Мақсат - ауыл экологиясының мәселесін шешу, қазіргі ауылдық инфрақұрылым құру.

2011 жылы «Салынып жатқан Назарбаев зияткерлік мектептерінің дирекциясы» құрылды. Құрылтайшысы - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономдық білім ұйымы болды.

2016 жылы ҚР Ұлттық банкі «proof» сапасымен «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан 500 теңгелік номиналмен «Сексеуіл» ескерткіш күміс монеталарын айналымға шығарды.
19 тамыз 2019 ж. 354 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области