2 сәуір:атаулы күндер мен оқиғалар
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы желтоқсанның 18-індегі арнайы қарарымен бекітілген. 2008 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің 2-сінде атап өтіледі. Бұл Бүкіләлемдік күн Катар мемлекетінің ұсынысы бойынша белгіленді, мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы 2008 жылғы жолдауында атап өтті. Бас Ассамблеяның қарарында, ең алдымен, балалардың аутизм мәселесіне көңіл бөлінді, сондай-ақ диагнозды неғұрлым ерте қою және тиісті тексеру жүргізу атап көрсетілген.
1940 жылы Семейде Абайдың мұражай-үйі ашылды (Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды Абай мұражайы).
1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Тіл жөніндегі комитет құрылды.
2008 жылы Алматыдағы «Медеу» спорт кешенінде «Бейжің-2008» Олимпиадалық алау эстафетасы басталды. Олимпиадалық ойындардың басты рәмізін салтанатты табыс ету рәсімін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Мемлекет басшысы мұз айдынында орнатылған тұғырға фанфар әуенімен көтерілді. Елбасымен бірге тұғырға Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сиюнь мен 1980 жылғы олимпиадада грек-рим күресінен чемпион атанған тұңғыш қазақ Жақсылық Үшкемпіров көтерілді. Алаңда сондай-ақ, әр жылдары алтын медаль жүлдесін жеңіп алған қазақстандық спортшылар сап түзеді. Қазақстан Президенті олимпиадалық алауды Қытай елшісінің қолынан қабылдап алып, оны алғашқы болып өзі алып жүрді. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиада алауын қазақстандық атақты боксшы, 2004 жылғы Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевқа табыс етті. Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасының ашылу рәсімінде Қазақстан жалауын алып жүру құрметі Бақтияр Артаевқа сеніп тапсырылған еді.
2008 жылы Алматыда «Қазпошта» АҚ ғимаратында ХХІХ Олимпиадалық ойындарға арналған көркемсуретті жаңа пошта маркасының таныстырылымы болды. Марканың авторы - суретші Данияр Мұхамеджанов. Маркада Алматыдағы Республика алаңының аясында Халықаралық олимпиада комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиады комитетінің және Олимпиада алауы эстафетасының логотипі бейнеленген.
2013 жылы ҰҚК Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді кезектен тыс аттестаттау туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты.
2014 жылы КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға гуманитарлық саладағы «Достастық жұлдызы» сыйлығы табысталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының Бетховен залында өтті.