Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 27 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

27 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

Халықаралық театр күні
1962 жылдан бастап жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күн 1961 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының Венада өткен 9-конгресінде бекітілген болатын.
1992 жылы «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды. Қорды құрушы және жетекшісі - Сара Алпысқызы Назарбаева.
1992 жылы Алматыда - ТМД елдері Жоғарғы Кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі өтті.
2002 жылы ҚР ІІМ-де Кинология орталығы құрылды.
2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігінің сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ Төрағасы Карл де Гюхтты Ақордада қабылдады. Бельгия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін 1991 жылғы желтоқсанның 31-інде мойындады. 1992 жылғы тамыздың 25-інде дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
2010 жылы Алматыда қазақтың белгілі актрисасы Сәбира Майқанованың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Ол актриса өмірінің соңғы жылдары тұрған үйдің алдында орнатылды. Сәбира Майқанова 1914 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының қазіргі Сырдария ауданында дүниеге келген. КСРО-ның Халық әртісі (1970 ж.), Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. 1932 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында ойнады. Ол 1995 жылдың 14 ақпанында қайтыс болды.
2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды.
27 наурыз 2019 ж. 653 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области