Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 3 наурыз:Оқиғалар мен атаулы күндер

3 наурыз:Оқиғалар мен атаулы күндер

1990 жылы «Молодая гвардия» журналында Сәкен Жүнісовтің (1934-2006) «Тропа» атты повесі басылып шығарылды. Бұл жазушы В.Солоухин тәржімалауымен жазылған «Заманай мен Аманай» дастанының аудармасы.

1993 жылы Орталық Азияның бес мемлекеті (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан) Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын құрды. 1995 жылы Түрікменстанның Дашховуз қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Арал проблемалары жөніндегі кеңесі өтті.

2005 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттері туралы Қырғызстанмен арадағы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды.

2005 жылы Алматыда «Алтын қалам» баспасынан шыққан кітаптардың таныстырылымы болып өтті. Баспаның міндеті - танымдық, рухани, әдеби, тарихи, этика-эстетикалық, ғылыми және балаларға арналған мазмұнды еңбектер басып шығару.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы., профессор, Экономика институтының директоры, Қазақстан Ғалымдары одағының президенті Оразалы Сәбденнің «Экономика» атты 10 томдық таңдамалы еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті.

2010 жылы Астанадағы «Астана-Тауэр» ғимаратында Финляндияның Қазақстандағы елшілігі ашылды. Финляндияның президенті Тарья Халонен 2009 жылғы сәуірдің 3-інде Астана қаласында Елшілікті ашу туралы тапсырма берді және Микко Киннуненді Қазақстан Республикасындағы бірінші Елші етіп тағайындады. Бұл шешімнің мақсаты фин компанияларының Қазақстанға деген қызығушылығы болып табылады. Финляндия Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылғы желтоқсанның 30-ында мойындады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 13-інде орнатылды.

2010 жылы Токиода Жапониядағы ҚР Елшісі Ақылбек Камалдинов пен Жапонияның Сыртқы істер министрі Кацуя Окада атом энергиясын бейбіт жолда пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2010 жылы Қазақстанда тұңғыш рет www.zakazbiletov.kz ұлттық порталы ашылды. Компания сайтына кіріп кез келген тілек білдіруші концертке, спектакльге, спорт шараларына билетке тапсырыс бере алады.

2011 жылы Лондонда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновқа Виктория патшайымы атындағы награда табысталды.

2014 жылы Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен «Жыл спортшысы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Оған диплом мен мүсін сыйға тартылды.

2015 жылы «Қазақтелеком» АҚ мен Теlе2 АВ мобильді сегментте бірлескен кәсіпорын құру мәмілесін аяқтағанын хабарлады. «АЛТЕЛ» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қосылу арқылы құрылған бірлескен кәсіпорын қысқа мерзімде мобильді байланыс нарығында екі компанияның үлесін ұлғайтуға ықпал етті.
03 наурыз 2019 ж. 491 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области