Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 16 қаңтар:Атаулы күндер мен оқиғалар

16 қаңтар:Атаулы күндер мен оқиғалар

1992 жылы Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылы Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше 6 мемлекет Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Беларус және Армения басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында 7 келісімге қол қойылды.

1924 жылы алғашқы тікұшақ әуеге көтерілді. Испан ұшқышы П.Пескара әуеде 8 минут 13 секунд болып, 1 шақырымдай ұшып өткен.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк бірлестіктерді құру және қызметтерін қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) қазiргi саясат мәселелеріне арналған төрт монография басылып шықты. Бұл еңбек халықаралық және аймақтық аренада, соның ішінде Қазақстанда әлемдік геосаясатпен айналысатындардың стратегиялық мүдделері мен жаңа саясаттарын, біздің еліміздің Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен шекара құрудағы мүдделерін зерттеуге арналған. Төрт монографияның екеуі қазақ тілінде.

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2006 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғалымдары адам жасушасымен және ұлпалардағы әр түрлі заттарды зерттейтін ерекше аппарат-программалық кешенді жасап шығарды. Аталмыш автоматты кешен медициналық диагностиканың сапасын жоғарылатады және жылдамдығын бірнеше дүркін үлкейтеді.

2008 жылы Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы ғимаратының алдында ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұланға ескерткіштің ашылу салтанаты болды. Әлкей Марғұлан - біртуар, қайталанбас тұлға. Әсіресе, оның еліміздің тарихына, көне дәуірді зерттеу мен этнографияны дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз.


16 қаңтар 2019 ж. 704 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области