ЕЛБАСЫ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ СООРОНБАЙ ЖЭЭНБЕКОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамып келе жатқанына тоқталып, Орталық Азия елдері басшыларының жоспарланған кездесуінің маңызды екенін айтты.
– Біз бәрімізге ортақ мәселелерді, соның ішінде экономикалық ықпалдастықты, өзара сауданы, инфрақұрылымдық даму мен логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
Сооронбай Жээнбеков Астанада Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуін өткізу жөніндегі бастамаға қолдау білдірді.
Қырғыз Республикасының Президенті екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтудың және маңызды өңірлік мәселелерді шешуге бағытталған өзара ықпалдастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.