Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 19 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

19 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

2003 жылы Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының алғашқы Экономикалық форумы ашылды. ЕурАзЭҚ құрамына кіретін Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің өкілдері өзара ықпалдастық іс-қимылдардың перспективаларын талқылап, қоғамдастық мемлекеттері экономикасын тұрақты дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдады.

2006 жылы Керлинг ойыны бейнеленген жаңа пошта маркасы айналымға енді. Олимпиада ойындарының жаңа спорт түрінің бірі керлинг ойынының барысы бейнеленген, «33х27,5 мм көлеміндегі пошта маркасын Ринат Жапалов безендірді. Ол Бейжіңдегі (ҚХР) пошталық төлем белгілері фабрикасында, 50 мың данамен басылды.

2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы», «Минотарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.

2008 жылы Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен Мәскеудегі аймақтық Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы осы қаладағы Ұлттар үйінің ғимаратында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы «Өмірге айналған ерлік» кітабының таныстырылымы өтті. Қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерен ерлігі Қазақстан мен Ресей халықтары достығының мәңгілік символына айналды. Кітап авторлары Ғалымжан Байдербес пен Ұзақбай Қауыс бір кездегі жас бойжеткеннің тағдырын баян ете келіп, оның қайсар мінезінің қалай қалыптасқаны туралы толғандырады.

2008 жылы Алматыда Жоңғар және Іле Алатауының жоғалып кету үстіндегі өсімдіктердің түрлері туралы БҰҰ Даму Бағдарламасы басып шығарған кітаптың таныстырылымы болды. Кітап «Растения Джунгарского и Заилийского Алатау, нуждающиеся в охране» деп аталады. Кітап 60 өсімдіктің қысқа анықтамасынан және фотосуреттерден тұрады. Кітаптың мақсаты табиғатты сүйетін көпшіліктің назарына өсімдіктердің құндылығы туралы ақпаратты жеткізу болып табылады. Кітап Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Жаһандық экологиялық қордың және БҰҰ Даму Бағдарламасы жобасы қызметінің шеңберінде шығарылды.
19 ақпан 2019 ж. 547 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области