17 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер
1960 жылы «Білім және еңбек» деген атпен ғылыми-танымдық журнал жарық көрді. 1989 жылдан «Зерде» деген атаумен шығады. Журнал өз оқырмандарын, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді отандық және әлемдік ғылым мен білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып келеді. Қазақ басылымдарының ішінде алғаш рет әл-Фараби туралы мақала осы журналда жарияланды. Абылай хан мен Әбілқайыр ханның суреттері де тұңғыш рет «Білім және еңбекте» жарық көрді.
1992 жылы Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.
1992 жылы «Zaman - Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
1992 жылы Алматыдағы № 9 мектеп-интернат негізінде алғашқы түрік колледжі ашылды.
2001 жылы Оралда өрт сөндіретін машина шығарыла бастады.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдық мерейтойына арналған пошта маркаларын «Қазпошта» АҚ айналымға шығарды. Пошта маркасында Парламенттің 10 жылдық мерейтойының ресми символикасы Қазақстанның туын бейнелейтін көгілдір түсте бейнеленген. Маркалардың номиналы - 50 теңге, тиражы - 50 мың дана. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Пошта маркасы Бейжің пошта төлемдер белгілері фабрикасында (ҚХР) шығарылды.
2011 жылы Жуалы ауданындағы халық жазушысы, аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының мұражайына батырдың жеке заттары тапсырылды.
2012 жылы ҚР Ұлттық банкі Қазақстандағы VII қысқы Азия ойындарға арналған 2000 теңге номиналындағы банкноттарды айналымға енгізді.
2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Қазақстан мен Беларусь жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми білім беру консорциумына кірді. Консорциум Қазақстан мен Беларусияда инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырумен байланысты құрылды.