Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 16 ақпан: Оқиғалар мен атаулы күндер

16 ақпан: Оқиғалар мен атаулы күндер

Исландиядағы әйелдері күні
Аталған мереке 19 ғасырдан бері тойланып келеді. Бұл күні елдегі ер азаматтар әйелдеріне сыйлық ретінде үй шаруасын өздері тыңдырып, таңғы асын төсегіне әкеліп беретін болған. Гүл шоқтары кейін аталған мерекенің символына айналды. Қазір бұл күні арнайы комиссия таңдайтын рецепт бойынша елдің барлық кондитерлік дүкендері бірдей істеп сататын «Жыл тортын» сыйлау сәнге айналған.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталарды ауыстыру өтті.

1995 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев елдегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездескен кезде Республика Президентінің жанынан консультативтік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын құруды ұсынды.
17 жыл бұрын (2000) Шымкентте қазақстандық-пәкістандық «Фэшн Лэнд» тоқыма фабрикасының ашылу салтанаты өтті.

2010 жылы Алматыда «Kazakhstan-Germany: Expand Your Business at the Heart of Central Asia» Қазақстан-германиялық инвестициялық форумы өтті.

2010 жылы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңы ынтымақтастығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
6 жыл (2010) бұрын қарағандылық студенттер республика бойынша Құрманғазының «Сарыарқа» күйін жаппай орындауға қатысты. Бұл күні елдері барлық ЖЖО-да Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Сарыарқа» күйі орындалған болатын.

2012 жылы Мемлекет басшысы «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Аталған заң азаматтардың әскери борышын өтеуі мен әскери қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы туралы.


2015 жылы Қазақстан «Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Оман» транзиттік-көлік дәлізіне қосылды. Қазақстан Иран, Султанат Оман, Түркіменстан мемлекеттері, Өзбекстан Республикасы арасындағы халықаралық көлік және транзиттік дәліз құру бойынша «Ашхабад келісімі» аясындағы ынтымақтастықтың форматына баса мән береді. Өңірде тасымалдауды дамытуда бірлескен күштерді біріктіруге үлкен сенім артады.

2015 жылы Астанада «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалыс белсенділері «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясын бастады.
16 ақпан 2019 ж. 527 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области