Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 11 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

11 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар


1992 жылы
Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Испания корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

1994 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі кеңес құру туралы» Жарлығы шықты.

1929 жылы Римнің қақ ортасында әлемдегі ең ерекше ел - Ватикан мемлекеті құрылды.

1997 жылы «Кеңес Одағының Маршалы И.С Конев атындағы Алматыдағы жоғары әскери училищесін Қазақстан Республикасының Қарулы күштер әскери академиясына өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты.

2000 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және шет тілдер университетінің Алматыдағы бас ғимараты алдында Абылай ханға ескерткіш орнатылды.

2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде академик Манаш Қозыбаев атындағы дәрісхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. М.Қозыбаев (1931-2002) Кеңес заманында бұрмаланып келген қазақ тарихын сан ғасырлық мұрағат құжаттарын зерттеу нәтижесінде жазып шыққан ғалым. Ол саяси қуғын-сүргін кезінде құрбан болған қазақ зиялыларын ақтау туралы бірінші болып мәселе көтеріп, Парламенттегі ақтау комиссиясын басқарды. Көрнекті ғалымның мыңнан астам зерттеу еңбектерінің біразы Қытай, АҚШ, Түркия, Корея, Иран елдерінде аударылып, кітап болып шықты. Ал, ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміздегі бірсыпыра білім шаңырақтарына ғалымның есімі берілді.

2005 жылы Павлодарда облыстағы мәдени-ұлттық орталықтарының қызметіне арналған кітап-альбом жарық көрді. Кітапта 23 мәдени-ұлттық орталықтарының, және олардың ауылдық бөлімшелерінің әңгімелері жазылған. Түрлі-түсті суреттерде шығармашылық ұжымдардың, Қазақстан халқыКіші Ассамблеясының ардагерлері және беделділері көрсетілген. Кітап-альбомның тарауының бірі Қазақстан халықтарының мәдениетіне және облыстық мәдениет фестивалдеріне арналған. Суреттердің авторы - фотошебер Александр Пархоменко.

2008 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен сол жағалауда орналасқан «Сарыарқа» сауда орталығы ашылды. Орталықтың жалпы ауданы - 40 мың шаршы метр, мұнда киім-кешек, аяқ киім, косметика, тұрмыстық техника және электоотехника дүкендері орналасқан. Белгілі киім үлгілерінің өкілдері өздерінің бутиктерін ашты. Сауда орталығының құрылысы 61 млн доллар инвестицияны құрады. «Сарыарқа» сауда орталығында сонымен қатар 8 залы бар кинотеатр, ресторан, кафе және бистро ашылды.
11 ақпан 2019 ж. 577 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области