Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 22 қаңтар: атаулы күндер мен оқиғалар

22 қаңтар: атаулы күндер мен оқиғалар


1969 жылы
«Союз-4» және «Союз-5» ғарыш кемелерінің экипаждары салтанатты жағдайда кездескен уақытта Кеңес әскерінің кіші лейтенанты Виктор Ильин КОКП ОК бас хатшысы Леноид Брежневке қастандық жасап, онысы сәтсіз болды. Қастандық салдарынан ғарышкерлер Николаев, Леонов, Береговой мен Терешкова мінген көлік жүргізушісі қаза тапты.

1992 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «ҚР Материалдық ресурстар министрлігін құру туралы» Жарлығы шықты.

1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

1993 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Ғылым академиясының атауы Ұлттық ғылым академиясы болып өзгертіліп, республикалық жоғары ғылыми мекеме мәртебесі берілді.

2010 жылы Алматыда Қазақ ұлттық өнерін өркендету жолында ерен еңбегімен танылған қылқобызшы-педагог, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері, «Жаңашыл-педагог» Әбдіманап Жұмабекұлының үш томдық «Қылқобызға арналған хрестоматиялар» жинағының бірінші томының таныстырылымы болып өтті. Бірінші том - «Білім» баспасынан, 2000 данамен жарық көрген. Оқу құралы - музыка мектептері мен музыка колледждеріне, консерватория мен өнер, музыка академиясының студенттеріне және жалпы өнер сүйер қауымға арналған. Қомақты еңбек автордың отыз жылдан астам уақыт жүргізіп келген ұстаздық тәжірибесі мен ғылыми-педагогикалық ізденісінің нәтижесінде дүниеге келген.

2010 жылы «Қазақстан ғарыш сапары» (ҚҒС) АҚ ұжымына ИСО 9001 халықаралық стандартының талаптарына сапа менеджменті жүйесінің ұлттық сәйкестік сертификаты табысталды.
22 қаңтар 2019 ж. 580 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области