Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 23 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

23 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы туралы ноталар алмасуы болды. Венгрия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды.

2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңға қол қойды. Аталған Заң Қазақстандағы инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.

2009 жылы Қызылорда облысында сол аймақтағы бірінші қыздар футбол командасы құрылды. «Жігер» командасының құрамына 16-17 жастар шамасындағы қыздар кірді.

2010 жылы Таразда Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қатысуымен «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмінің таныстырылымы өтті. Бұл фильм Қазақстан мен Ресей арнайы қызметтерінің халықаралық есірткі қылмыстық топтарын талқандау жөніндегі бірлескен операциясы туралы баяндайды. Фильмнің басты тақырыбы - Отанға жанқиярлықпен қызмет ету, адалдықты, сүйіспеншілікті ту ету. Қарт барлаушы басты рөлін сомдаған КСРО халық әртісі, белгілі актер және режиссер Асанәлі Әшімов.

2010 жылы
Мәскеу қаласындағы №229 орта мектепке Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының аты берілді.

2013 жылы Түркияның Невшехир провинциясында елшіліктің қолдауымен Наурыз мерекесіне арналған Қазақстан күндері ұйымдастырылды.
23 наурыз 2019 ж. 532 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области