Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 31 қаңтар: Оқиғалар мен атаулы күндер

31 қаңтар: Оқиғалар мен атаулы күндер

31 қаңтар - Халықаралық зергерлер күні
1996 жылы Қазақстанның екі палаталы тұңғыш Парламентінің алғашқы сессиясы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысымен басталды.

2006 жылы Қазақстан бойынша алғашқы несиелік бюро құрылды. Америкалық «Creditinfo Group» компаниясының ұйытқы болуымен құрылған бұл бюро құрамына Қазақстандағы «Альянс» банкі», «АТФ Банкі», «ТұранӘлем Банкі», «ЦентрКредит Банкі», «Қазкоммерцбанк», «Қазақстанның Халық Банкі» мен «Цесна» банкі» акционерлік қоғамы секілді ең ірі қаржы институттары кіреді.

2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңға қол қойды. Бұл заң жеке және заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлік қызметтерін жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді.

2008 жылы Алматыда Мұқағали Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды. Ол Мұқағали мұраларын насихаттауға үлес қосқан және ғылыми-зерттеу жұмыстарына атсалысқан шығармашылық өкілдеріне берілмек.

2008 жылы Атырауда облыстық мәдениет басқармасының жанынан құрылған археологиялық орталық өз жұмысын бастады. Орталықтың негізгі мақсаты - археологиялық іздестіруді белсендіру. Қазір Атырау облысында археологиялық қазбалар кем дегенде аумақтың 10 пайыз жерінде жүргізілді. Қарабау құмдарының, Жылыой ауданы үстіртінің құпиясы ашылмай, танымал Сарайшық - Ұлы Жібек жолы қалаларының бірі зерттелген жоқ.
31 қаңтар 2019 ж. 508 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области