Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер

20 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер

1921 жылы Дағыстан Республикасы құрылды.
1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Қазақ КСР-інің халық жазушысы» құрметті атағы бекітілді. Құрметті атақты алғашқылардың бірі болып Ғ.Мүсірепов, Д.Снегин, Т.Әбдірахманова иеленді. 1999 жылдан бастап, «Қазақстанның халық жазушысы» атағын беріледі.

1985 жылы жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы - Семей тарихи-өлкетану мұражайы құрылды, залында Семей облысынан соғысқа қатысушылар жайында материалдар жинақталды. Жиналған жәдігерлер өңірде құрылған екі дивизияның жауынгерлік жолы жайында сыр шертеді.

1994 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғашқы телехабарлар таратудың ғарыштық қондырғысы - «Галс» ұшырылды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның мамандандырылған коммерциялық жинақ банкі Халық банкі болып қайта құрылды.

1994 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Украинаға ресми сапары барысында екі мемлекеттік арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа, Президенттердің «Қазіргі дүние: қыр көрсету және қатерлер» атты Декларациясына және басқа да маңызды құжаттарға қол қойылды.

1995 жылы №11 Орал лицейі оқу корпусының алдындағы алаңға белгілі жазушы, қазақ халқының ардақты ұлдарының бірі Сәкен Сейфуллин ескерткіші қойылды.

2006 жылы
Көкшетауда «Шығыс жекпе-жек өнері» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Шығыс спорт өнері» атты газетінің бірінші саны жарық көрді. Екі тілде, түрлі-түсті бояулы жаңа ақпарат құралы республика көлемінде таратылады. Газет шығарушыларының басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың жаппай сипат алуына ұмтылыс жасау, шығыс спортының түр-түрінің кеңінен өркен жаюына ықпал ету, көпшілік қауымды спорттың тарихы мен дамуы турасында құлағдар ету. Басылымның алғашқы санында қазақша күрес, көкпар, каратэ жайында мол мағлұматтар берілген.

2009 жылы «Қазпошта» АҚ Екінші Ұлттық халық санағына арналған пошта конвертін айналымға шығарды. «Kazpost» таңбалы конвертте Екінші ұлттық халық санағының белгісі мен «Елтаңба» стандартты пошта маркасы басылған. Көлемі 220 х 110 мм-лік конверт - 1 миллион дана.

2011 жылы Алматыда шетелде білім алатын барша қазақстандық студенттерді біріктіруге шақырған «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты «Алаш жастары» қоғамдық бірлестігі құрылды.

2011 жылы
Астанада Ұлттық банктің жаңа резервтік орталығы құрыла бастады. 4 жыл бұрын (2012) ҚР Парламенті палаталарының алғашқы бірлескен отырысында V шақырылған Мәжіліс депутаттарының ант қабылдау рәсімі өтті.

2013 жылы
қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Дүниежүзілік Боксшылар ассоциациясының (WBA) нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғады.
20 қаңтар 2019 ж. 550 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области