Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 15 қаңтар:оқиғалар мен атаулы күндер

15 қаңтар:оқиғалар мен атаулы күндер


1965 жылы
Семей ядролық полигонында, Шаған өзенінің кеуіп қалған арнасында, 178 метр тереңдікте қуаты 104 килотонналық атом бомбасына жарылыс жасалды. Жарылыс салдарынан ұзындығы 408 метр, тереңдігі 100 метрге жететін кратер пайда болды. Кейінірек аталмыш кратердің жағалауынан 20-35 метр жерде үлкен көл пайда болды. Жер қазу техникасының көмегімен арна қазылып, су кратерге құйылған.

1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды. 288 жыл бұрын (1725) Әбілқайыр ханның қазақтардың басын қосып, Түркістанды қайта алғаны жөніндегі хабар Мәскеуге жетті.

2008 жылы Павлодарлық «Ромат» полимерлік дәрігерлік бұйымдарды өндіретін фармацевтикалық фирмасы заманауи жабдықтармен жарақталған бір рет қолданатын үш компоненті шприцті шығаратын желі іске қосылды. Жаңа техника кәсіпорынға халықаралық стандарттарға сай жасалған жаңа нұсқаны өндіруге және ескірген екі компоненті шприцтердің шығуын тоқтатуға мүмкіндік береді.

2008 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы мен софтерлік SMART-EX компаниясы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум бірқатар бағыттар бойынша перспективалы өзара ынтымақтастық үшін құқықтық негіз болып отыр. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастық болашақ программистерді кәсіби білімді тереңірек игеруге ынталандырады.

2008 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның мақсаты Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту.

2009 жылы Ақмола облысының Еңбекшiлер ауданында жаңа туристiк кешен ашылды. Бес жақсы жабдықталған коттедждер, спорт және балалар алаңы, бассейні бар 60 адамға қызмет көрсетуге есептелген орталық Щучье-Бурабай курорт аймағында орналасқан.

1938 жылы Павлодар облысы құрылды. Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтардың 15-інде КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясы Қазақстанның үш облысын бөлу туралы КСРО Заңын және Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) Орталық Комитетінің Қаулы жобасын бекітті. Шығыс Қазақстан облысынан Павлодар облысы бөліп алынды, оның құрамына он аудан кірді. Облыстың аумағында Баянауыл орналасқан - ол Павлодарлық Ертіс жағалауының маржаны, Қазақстан Республикасының ең әдемі жерлерінің бірі.
15 қаңтар 2019 ж. 451 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области