Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 11 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер

11 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер


1995 жылы
ҚР «Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру туралы» Жарлығы қабылданды

2006 жылы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне ресми кірісуінің салтанатты рәсімі болып өтті

2006 жылы "Менің Қазақстаным" әні елдің Мемлекеттік әнұраны ретінде алғаш рет орындалды

2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында танымал жазушы Эрнест Төрехановтің «Александр мен Роксана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Роман Александр Македонскийдің грек тілін жетік білген сақ ханшайымы Роксанаға деген махаббатына арналған. Түрiк әлемінде А.Македонский Ескендір атымен танымал. Жүз жыл бұрын ұлы Абай жазған дастан дәл осылай аталады.

2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка селосында «АЗКО» ЖШС-нің шағын элеваторы пайдалануға берілді. Диірмен кешені ұн тартумен айналысатын болады, кешеннің өңдеу жөніндегі жобалық қуаты тәулігіне - 35 мың тоннаны құрайтын болады, ол тәулігіне 120 тонна ұн тартатын болады. Өндіріс түріктің жаңа жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақталған.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жаңа қызмет - гидрометеорологиялық қызмет пайда болды. Гидрометеоролог әскери қызметшілер Қарулы күштердің гидрометеорологиялық бөлімшелерінің жасақталуын бақылайды, метеорологиялық мәліметті жинайды, талдайды және әскерлерге таратады. Авиациялық оқиғаларды, теңізде жүзу және кеме қатынасының қақтығыстары мен қауіпсіздігін тергеп-тексеруге қатысады, сондай-ақ ҚР ҚК-нің гидрометеорологиялық бөлімшелерінде ғылыми-әдістемелік және өнертапқыш жұмысты жүргізеді.

2016 жылы Дальян шет тілдер униврситетінде (ҚХР) «Қазақстан зерттеулер орталығы» ашылды.
11 қаңтар 2019 ж. 504 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области