Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9 қаңтар: атаулы күндер мен оқиғалар

9 қаңтар: атаулы күндер мен оқиғалар

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі 2019 жылғы 9 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1960 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып өзгертілді.

1970 жылы магистральдік байланыс желісі қолданысқа берілді. Ол шығысқазақстандықтардың Мәскеудегі Орталық телевидение мен Алматыдан Қазақ телевидениесінің хабарын көруіне мүмкіндік берді.

1992 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Иман» газеті жарық көрді.

1993 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Германия Федеративтік Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Франция, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина Республикаларында және Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының елшіліктері ашылды.

2007 жылы әлемге танымал марафоншы қарағандылық Павел Сиротин «Бейбітшілік елшісі» атағын алды. 2006 жылы желтоқсан айында 70 жылдығын атап өткен спортшы өмірінің тең жартысында марафондық жүгірумен айналысып келеді. Ол бірнеше рет 100 шақырымдық қашықтыққа да жүгірген. Павел Сиротин өзінің мерейтойын да кезекті марафонмен атап өтіп, Теміртаудан Қарағандыға дейінгі 32 шақырым қашықтықты жүгіріп өткен болатын. Мерейтойының құрметіне берілген құрметті атақты П.Сиротин Жер бетінде бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі үшін - Дүниежүзілік бітімгершілік федерациясы мен Дінаралық және халықаралық федерациясынан алып отыр. «Басқаларға үлгі болып табылатын өмірі үшін, сондай-ақ, мораль, отбасылық құндылықтар, түрлі дін өкілдерінің бейбіт, қатар өмір сүру идеалдарына қызмет еткені үшін осынау құрметті атақ беріледі», делінген «сенім грамотасында». «Бейбітшілік елшісі» атағы берілген азаматтар Біріккен Ұлттар Ұйымының айрықша қамқорлығында.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Елшілігін ашу туралы Жарлыққа қол қойды.

2008 жылы Астанада салық мәселелері бойынша қызмет көрсететін Call-орталық ашылды. Қаржы министрлігінің ғимаратында орналасқан Салық комитетінің Call-орталығы жұртшылықты салық мәселелерімен таныстыруда, сондай-ақ салық заңнамаларының нормаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында ашылып отыр.

2008 жылы Ножан-сюр-Марн қаласында Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қолдауымен Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіш тақта ашылды. Мемориалдық тақтада Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны мен Қазақстанның тарихи-географиялық мазмұны жазылған. Қалалық мұражай басшылығының пікірінше, бұл мемориалдық тақта мұражайдың басты жәдігерлерінің бірі болады. Мұстафа Шоқай 1889 жылғы желтоқсанның 25-інде Қызылорда облысы Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Мұстафа Шоқай - Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист.

2008 жылы Алматыдағы «Өнер» баспасынан белгілі қылқалам шебері, суретші Жеңіс Кәкенұлының шығармаларын топтастырған альбомы жарыққа шықты. 14 баспа табақ туынды «Қазіргі заман суретшілерінің шығармалары» топтамасымен жарық көрген.

2010 жылы Ақтауда аумағы 50 мың шаршы метрді құрайтын сауда-ойын сауық кешені ашылды.

2012 жылы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған ескерткіш монеталар қолданысқа берілді. Ол 500 теңге номиналындағы күмістен және номиналы 50 теңге нейзильбер құйындысынан жасалды.

2012 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

2012 жылы ҚР Ұлттық банкі 2011 жылғы нұсқада өзгертілген дизайнмен номиналы 5000 теңгелік банкнотты қолданысқа шығарды.

2012 жылы «электрондық үкімет» www.egov.kz порталында жаңа қызмет - «Жаңа туған баланы тіркеуге электрондық өтініш қабылдау» айдары іске қосылды.

2013 жылы Ғұлама би, әскери қолбасшы, ақын-жырау Жиембет батыр жайында «Жиембет батыр» роман-эссесі жарқы көрді. Кітапты дайындау барысында Ресейдің Омбы, Орынбор, Барнаул, қалаларының мұрағаттарынан алынған құнды құжаттар мен деректер пайдаланылды.

2015 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қарағанды облысы Үлкен Қарқаралы көлі маңынан 400 метр жер алып, туристік нысан құрылысын бастады.

1799 жылы Англияда табыс салығы пайда болды.

1951 жылы Нью-Йоркте (АҚШ) БҰҰ штаб-пәтері ресми түрде ашылды. 1949 жылы 4 қазанда Нью-Йоркте БҰҰ болашақ штаб-пәтерінің іргетасы қаланды. Ол 1951 жылы 9 қаңтарда пайдалануға берілді.

1909 жылы Эрнест Шеклтон басқарған британдық антарктидалық экспедиция («Нимрода» экспедициясы атымен де танымал), Антарктидаға 88°23′ о. е. және 162° ш. б. - Оңтүстік полюстен 180 шақырым жерге британдық туды тікті және экспедиция туралы есебі бар цилиндрді қарға көмді.

2007 жылы Apple корпорациясының басшысы Стив Джобс сенсорлық смартфон - iPhone-ні таныстырды. Apple жасап шығарған телефонның алғашқы моделі жарты жылдан кейін саудаға шығарылды.

Тайландта Балалар күні
Бастапқыда мереке Ұлттық балалар күні ретінде 1955 жылы қазанның бірінші дүйсенбісінде аталып өтті. 1963 жылға дейін Балалар күнін қазанда тойлады, кейін мереке қаңтардың екінші сенбісіне көшірілді.

Жапонияда балиғат жасқа толғандар күні
Жыл сайын қаңтардың екінші дүйсенбісінде 20-ға толған жапондықтар тойлайды.
09 қаңтар 2019 ж. 637 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области