Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еуро-2020. Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары анықталды

Еуро-2020. Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары анықталды

Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Ирландия елінің астанасы Дублинде өткен жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды vesti.kz.

Еуропадағы 55 құрама Ұлттар лигасындағы нәтижелері мен көрсеткіштеріне байланысты 6 қоржынға жіктелді. Қазақстан құрамасы Македония, Косово, Беларусь, Люксембург, Армения, Әзірбайжан, Молдова, Гибралтар және Фарер аралдарымен бірге 5-ші қоржынға орналасты.
Жеребе кезінде қосымша факторлар да назарға алынды. Мәселен Қазақстан географиялық тұрғыдан алыс орналасқандықтан, алыс елдердің бір топқа түспеуіне де мән берген.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы "І" тобына түсті. Топта Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларына қарсы ойнайды.
Жеребе нәтижесі:
"А" тобы: Англия, Чехия, Болгария, Черногория, Косово;
"B" тобы: Португалия, Украина, Сербия, Литва, Люксембург;
"C" тобы: Нидерланд, Германия, Солтүстік Ирландия, Эстония, Беларусь;
"D" тобы: Швейцария, Дания, Ирландия, Грузия, Гибралтар;
"E" тобы: Хорватия, Уэльс, Словакия, Венгрия, Әзірбайжан;
"F" тобы: Испания, Швеция, Норвегия, Румыния, Фарер аралдары, Мальта;
"G" тобы: Польша, Австрия, Израиль, Словения, Македония, Латвия;
"H" тобы: Франция, Исландия, Түркия, Албания, Молдова, Андорра;
"I" тобы: Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Қазақстан, Сан-Марино;
"J" тобы: Италия, Босния және Герцеговина, Финляндия, Грекия, Армения, Лихтенштейн.
2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу 2019 жылдың 21 наурызында басталады. Ал қарт құрлықтың басты додасы 2020 жылы Еуропаның 13 қаласында өтеді. Атап айтар болсақ, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Бильбао, Будапешт, Брюссель және Глазго бұл жарысты өз алаңдарында қабылдайтын болады.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
21 наурыз: Қазақстан - Шотландия
24 наурыз: Қазақстан - Ресей
8 маусым: Бельгия - Қазақстан
11 маусым: Қазақстан - Сан-Марино
6 қыркүйек: Кипр - Қазақстан
9 қыркүйек: Ресей - Қазақстан
10 қазан: Қазақстан - Кипр
13 қазан: Қазақстан - Бельгия
16 қараша: Сан-Марино - Қазақстан
19 қараша: Шотландия - Қазақстан.

05 желтоқсан 2018 ж. 562 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области