Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анализдер тапсыру қажет емес

Енді жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анализдер тапсыру қажет емес

Kyzylorda-news.kz. Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енген.
«Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», - делінген корпорация таратқан хабарламада.
Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар-жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.
Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:
Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;
Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;
Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.
19 тамыз 2019 ж. 347 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области