Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырдан ғарышқа тұңғыш рет робот ұшырылады

Байқоңырдан ғарышқа тұңғыш рет робот ұшырылады

Kyzylorda-news.kz. "Союз МС-14" ғарыш кемесі және "Федор" роботын ғарышқа жеткізетін "Союз-2.1а" зымыран тасығышы таяуда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылмақ.

Бұл туралы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин Twitter парақшасында хабарлады.
"Байқоңырда "Союз-2.1.а" зымыран тасығышын ұшыру кешеніне тасымалдау аяқталды", - деп жазды ол.
Дмитрий Рогозин атап өткендей, бұл алаңқайдан 395 зымыран ұшырылған. 22 тамызда "Союз МС" зымыраны "Союз-2.1.а" тасығышымен ғарышқа аттанады.
"Федор" атты адамға ұқсайтын робот ғарышкерлердің басшылығымен орбитада бірқатар тәжірибе жасайды.
Бұған дейін бұл ғарыш кемесімен "Прогресс" жүк кемесі ғана ұшырылған болатын, дейді корпорация басшысы.


19 тамыз 2019 ж. 499 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области