Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЙҚОҢЫРДАН «СОЮЗ-2.1А» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛАДЫ

БАЙҚОҢЫРДАН «СОЮЗ-2.1А» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛАДЫ


8 шілде күні күндіз «Прогресс МС-09» көліктік жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңына шығарылып, орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін, 9 шілде күні Байқоңырда ғарыштық мақсаттағы «Союз-2.1а» ракетасына отын компоненттерін құюға және оны ұшыруға рұқсат беру мәселесі қаралатын мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Бұл туралы Ресей ғарыш агенттігінен мәлім етті.
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылым 10 шілде Астана уақытымен сағат 03.51-ге белгіленген. Хабарланғандай, «Прогресс МС-09» ғарыштық жүк кемесін ұшырылымға дайындау және оны ұшыру сәттері Ресей ғарыш агенттігінің сайтында және оның ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей жүргізіледі. Онлайн ұшырылымға екі сағат қалғанда басталады.
Көліктік жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына қажетті жүктерді және орбитада жұмыс істеп жатқан екі экспедицияға тіршілікке қажетті заттарды жеткізеді.



09 шілде 2018 ж. 709 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области