БАЙҚОҢЫРДАН «СОЮЗ МС-08» КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛАДЫ
Байқоңыр ғарыш айлағына Халықаралық ғарыш стансысына аттанатын кезекті экспедицияның мүшелері келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    5 наурыз күні «Союз МС-08» көліктік басқарылатын кемесінің негізгі және қосалқы мүшелері ұшырылым алдындағы даярлыққа кіріседі. Негізгі экипаждың құрамында кеме командирі, «Роскосмос» ғарышкері Олег Артемьев; бортинженерлер,  NASA астронавтары Эндрю Фойстел мен  Ричард Арнольд бар. Қосалқы құрам: космонавт Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг. Ұзақмерзімді экспедицияның «Союз МС-08» кемесімен Халықаралық ғарыш стансысына ұшырылымы 2018 жылдың 21 наурызына белгіленген.







		
		


















