Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық студенттер кәсіпкерлік пәнін оқитын болады

Қызылордалық студенттер кәсіпкерлік пәнін оқитын болады

Kyzylorda-news.kz. «Атамекен» ҰКП мен Білім және ғылым министрлігі қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 50 мыңға жуық студентті кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр. Бұл студенттерді республика бойынша арнайы біліктілік курстарынан өткен 821 оқытушы оқытпақ.

Биыл Қызылордада 107 орта мектеп пен мемлекеттік жоғары және кәсіптік техникалық оқу орындарында оқушылар мен студенттерге кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатын болды. Бүгін аймақта аталған пән бойынша оқытатын мұғалімдер мен оқытушыларға әдістемелік бағыт-бағдар беруге арналған 10 күндік оқыту курсы басталды.
Тамыз айының 19-29 күндері Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының 56 мұғалімі, сондай-ақ облысқа қарасты жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 39 оқытушысы оқытылса, қалған аудан мұғалімдері қыркүйек айында біліктілігін жетілдіретін болды.
Оқу курсы барысында оқытушылар маркетингтік зерттеу жүргізу, анализ жасау, бизнес-модель, жоспарлау, кәсіпкерлік мәдениет және т.б. тақырыптар бойынша білім алады.
«Мектеп оқушылары мен студенттерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы жастардың жоспарлау, талдау жасау, шешім қабылдау қасиеттерін дамытуды, болашақта жеке кәсібін ашуға ниетті азаматтар қатарын арттыруды көздейді. Қазіргі өтіп жатқан курс 10 күнге жоспарланған. Алайда біздің бизнес-тренерлеріміз 3 ай көлемінде мұғалімдер мен оқытушылардың оқу бағдарламасына, өткізу әдісіне сүйемелдеу жүргізетен болады. Осылайша, «Атамекен» ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсетуді жоспарлап отыр», - дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлмира Әлназарова.
Айта кету керек, «Кәсіпкерлік негіздері» пәні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2014 жылы пилоттық негізде Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында енгізілген болатын. Жобаның тиімділігі ескеріле келе «Атамекен» мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы ретінде республиканың барлық мектептеріне енгізу жөнінде шешім қабылданды.
Енді бұл пән жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының 3-4 курс студенттерінің оқу бағдарламаларына да енгізілмек.
19 тамыз 2019 ж. 356 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области