Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖОСПАРДЫ АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАДЫ

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖОСПАРДЫ АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАДЫ


    Бүгін Қызылордада облыс әкімі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі мен Палата жанындағы Өңірлік кеңес мүшелерінің бірлескен отырысы өтті.
    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен шараға арнайы «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев қатысты.
    Отырыс барысында 2018 жылға арналған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасының жобасы талқыланып, аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған шаралар, кәсіпкерлік саласын сандық форматқа ауыстыру бағытындағы шаралар талқыланды.
    Кеңесте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарм төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев өткен жылы «Атамекеннің» пилоттық режимде жүзеге асырған «Бастау Бизнес» жобасының нәтижесі мен биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
    Мәселен, жоба былтыр еліміздің 80 ауданында өтіп, 15 мың азамат кәсіпкерлік негіздеріне қатысты 1 ай біліктілігін жетілдірген. Нәтижесінде 3314 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылған.
    Соның ішінде Қызылорда облысының үлесі де бар. 2017 жылы қызылордалық 937 азамат аталмыш бағдарламаға тартылған. Қызылордада «Бастау Бизнестің» аясында 187 кәсіпкерлік нысанын ашу жоспарланған болса, меже 191 пайызға орындалды. 358 қызылордалық мемлекеттен бөлінген қаржы аясында несие алып, өз кәсібін бастап кеткен.
    Эльдар Жұмағазиев бағдарлама тиімділігін көрсеткеннен кейін, биылғы жылы да жалғастырылатындығын жеткізді. 2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасына республиканың 180 ауданы қатысатын болады. 30 мың жұмыссыз немесе өзін-өзі қамтыған адам оқытылып, 30 мың адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
    2017 жылы бағдарламаға Қызылорданың 5 ауданы кірген болса, биыл Жалағаш пен Сырдария аудандарының тұрғындары да қатыса алатын болды. Жыл соңына дейін 1600 қызылордалық оқытылып, ең азы 320 азаматтың жобасы қаржыландырылады деп күтілуде.
    Отырыста облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастап өңірде саланы дамытуға бағытталған бірлескен шаралар қабылданып жатқандығын айтты.
    Сондай-ақ, аймақ үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту басым бағыттардың бірі болғандықтан Палатаның рөлін күшейтуге қолдау көрсететіндігін жеткізді.
    Қызылорда облысы
     кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі



24 қаңтар 2018 ж. 678 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области