Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәскеуде қазақстандық мәдениет қызметкері тұтқындалды

Мәскеуде қазақстандық мәдениет қызметкері тұтқындалды

Мәскеуде құқық қорғау қызметкерлері Ресейдегі қазақ мәдениеті қоғамының басшысы Ерназар Нұриевті тұтқындады. Ол үш жыл бұрын Мәскеуде өткен жыр фестиваліне бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталған. Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлады.

2016 жылы қала билігі "Алтын күз" атты қазақ ән фестиваліне шамамен 2 миллион рубль бөлген еді. Алайда ол қаражаттың барлығы бірдей өз мақсатына жұмсалмаған. Мысалы, келісімшарт бойынша сайыстың финалына өткендер Мәскеу маңындағы қонақ үйде тұруы керек болатын. Бірақ тексеру кезінде фестивальге қатысушылардың ешқайсысы қонақ үй жалдамағаны белгілі болды. Ал есепте қонақ үй шығыны үшін ақша төленгені көрсетілген.
Жалпы, іс материалдары бойынша, Нұриев 400 мың рубльді жымқырды деп айыпталып отыр.
Қазақ мәдени қоғамы басшысы өз үйінде тұтқындалған. Тінтуге барған ЖҚАЖ-дың шұғыл әрекет тобы мен сарбаздарына Нұриев есік ашпай, олар күш қолдануға мәжбүр болған. Пәтерді тінту барысында үйден басы артық ақша табылмаған, бірақ тергеушілер ол арадан қажетті басқа дәлелдерді анықтаған.
"Әзірге тергеушілер Нұриевтің бюджет ақшасына қол сұғуы бойынша бір эпизодты ғана дәлелдей алды. Ол бойынша Нұриев өз кінәсін мойындады. Қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтық әрекетке барды деген айыппен іс сотқа жолданды. Бюджет ақшасын басып қалмақ болған қазақ мәдени қоғамының басшысы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген ресейлік телеарна таратқан ақпаратта.

20 тамыз 2019 ж. 289 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области