Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге қысым жасайтын шенеуніктерді жазалауды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге қысым жасайтын шенеуніктерді жазалауды тапсырды

Kyzylorda-news.kz. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында шенеуніктерді сынайтын БАҚ өкілдеріне қысым жасауды тоқтатуды талап етті. Тұңғыш Президент редакторларды қорқытатын шенеуніктерді қатаң жазалауды тапсырды.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев партияға қарасты бұқаралық ақпарат құралдарының сылбыр жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Орталық телеарналар өзекті деген мәселелерді көтермейді. Біреудің жолын кесіп кетуге қорқады.
"Бұрын редакторлар жаман мақала жазамын деп, әкімдерден ақша талап ететін. Қазір, керісінше, әкімдер редакторларға қоңырау шалып, ананы істесең, мынан істесең, таныстарым арқылы сені жұмыстан шығарып тастаймын дейді. Біз ол жайында білеміз. Мен нақты тапсырма беремін. Енді, тағы бір рет осындай жағдай қайталанса, кім болса да, қандай қызметте отырса да, жұмыстан босатамыз", - деді Елбасы партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Тұңғыш президенттің айтуынша, шенеуніктер редакторларға қысым жасап, сыни мақалаларды барынша шығармауға тырысады. Содан қоғамның санасында баламалы шындық қалыптасады.
"Nur Otan" өзінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарап шығу қажет. Партияның бұқаралық ақпарат құралдары шынайы әрі шұғыл ақпараттың көзіне айналуы қажет. Халықтың сеніміне ие болуы шарт", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Осы орайда тұңғыш президент интернет пен әлеуметтік желілерде проактивті түрде жұмыс істеу керектігін жеткізді. Ол үшін дарынды адамдарды тартып, лайықты жалақы төлеу керек. Сөйтіп, ақпараттық кеңістікте батыл әрекет жасаған жөн. Бұдан бөлек, ол "Nur Otan" партиясына адамға жала жапқаны үшін жазаны күшейтуді тапсырды.
22 тамыз 2019 ж. 329 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области