Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Nur Otan»-ның орнына басқа партия келуі мүмкін бе?

«Nur Otan»-ның орнына басқа партия келуі мүмкін бе?

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияластарына жауапкершілікті сезінуді еске салды. Ол партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында халық алдындағы жауапкершілікті әркез естен шығаруға болмайтындығына тоқталды.

"Партиямыздың дамуының жаңа кезеңге келіп отырғанын бәріміз түсініп, біліп отырмыз. Заман өзгерді, жағдай өзгерді. «Nur Otan» еліміздің жетекші күші ретінде саяси басшылықты бекемдеп, стратегиялық бағыттан ауытқымау үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс. Бұл құр әншейін айтылған сөз емес. Біз Қазақстанның, халықтың ортасындағы елді жетелейтін ұйымбыз. Егер де ондай рөлді орындамасақ, онда біздің орнымызға басқа партия келеді. Сондықтан жауапкершілікті әр уақытта түсінуіміз керек", деді Назарбаев саяси кеңестің кеңейтілген отырысында.
Елбасы 2050 жылға қабылданған бағдарламада Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына кіргізу міндетін қойғанын атап өтті.
"Барлық бағдарлама осыған байланысты. Индустриялық бағдарлама, ауыл шаруашылығы, үй құрылысы, медицина, ағарту жұмыстары – барлығы бір мүддеге жету үшін жасалып жатыр. Сондықтан бәріміздің ойымыз осы мақсатқа жету болу керек", - деді ол.
22 тамыз 2019 ж. 317 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области