Қызылордалық өнерпаздар Ресейдің атақты институтында білім алды
Kyzylorda-news.kz. Жастар жылы аясында Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының бір топ жас мамандары көрші мемлекетте тәжірибе алмасты. Атап айтқанда, Ресей Мемлекеттік театр өнері институтында білім жетілдіру курстарынан 9 жас маман өтіп қайтқан.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова мәлімдеді.
Ресей жерінен білім мен тәжірибе жинап қатқан жастар өңірдегі мәдени өміріне тың жаңалықтар алып келмек.
«Жастар жылына және «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында өңірде 3 халықаралық, 3 республикалық, 17 облыстық конкурс-фестивальдер ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге басқарма бойынша жобалық кеңсе аясында «Жыр мұра», «VILLAGE LIFE», «SACRAL TUR» жобалары жүзеге асырылуда»,- дейді Мира Рахымжанқызы.
Еске салайық, Қызылорданың жас таланттары республикалық, халықаралық дәрежедегі 13 байқауға қатысып, нәтижесінде 4 бас жүлде, 2 бірінші орын, 8 екінші орын, үш үшінші орынды иеленіп, Сыр елі өнерінің мәртебесін асқақтатып келді.