Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кездесу өтті

Сырдарияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кездесу өтті

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде және Шаған, Айдарлы ауылдық округтерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жою бағытында іс-шаралар өтті.

"Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы аясында ұйымдастырылған шараға бюджеттік сала қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Тереңөзек кентінде өткен кездесу "Адалдық – адамның ең асыл қасиеті" тақырыбында өрбіді. Кездесуге қатысушылар жемқорлық ауыр қылмыс екенін айтып, онымен күресуге әрбір азамат міндетті деген өз ойларын білдірді.
Шаған ауылдық округінде өткен сұхбат алаңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары ауданда жүйеленгеніне тоқталды. Жемқорлықты жоюға жергілікті мемлекеттік мекемелер белсенді атсалысып жатқаны айтылды.
Ал, Айдарлы ауылында өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары жемқорлықпен күресуге негізделген түрлі іс-шаралар елді мекенде тұрақты түрде өткізіліп жатқанынан мысал келтірді. "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы аясында қолға алынған жұмыстардың нәтижесі болатынына сенім білдірді.
22 тамыз 2019 ж. 295 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области