Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды

Қызылордада алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімдігінде ҚР Әділет Министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі мен жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы арасында алимент өндіру және проблемалық алименттерді азайту туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов аталмыш меморандумның халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
«Статистикалық ақпаратқа қарасақ, бүгінгі күні Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының орындауында алимент өндіру санаты бойынша 7 мың 474 өндіріс бар. Оның 733-і орындалуы қиындық туғызатын алименттер қатарында. Тәжірибе көрсеткендей, балаларды тәрбиелеу мен қамтамасыз ету бойынша негізгі әлеуметтік жүктеме көбіне әйел-аналардың мойнына түсетінін білеміз. Сондықтан бүгін біз осы мәселені шешу бойынша үшжақты келісімге қол қойдық», - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Меморандум аясында тараптар бір-біріне алиментті қасақана төлемейтін азаматтарды анықтауға және олардан берешекті өндіріп алуға жәрдемдесуге міндеттенеді. Бұдан басқа, тараптар алименттерді өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында іс-шаралар кешенін қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады.
23 тамыз 2019 ж. 288 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области