Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Полицейлерге «ала таяқтарын» қайтаруға қанша қаржы керек?

Полицейлерге «ала таяқтарын» қайтаруға қанша қаржы керек?

Kyzylorda-news.kz. ІІМ тарапынан патрульдік полиция қызметкерлеріне «ала таяқтарын» қайтару туралы ұсыныс айтылғаны белгілі. Әкімшілік полиция комитетінде бұл жаңалыққа қатысты пікір білдіріп, аталған шараға қанша қаражат қажет болатыны жөнінде мәлімдеді.

Аталған комитет басшысы Мақсат Байболовтың сөзінше, құқық қорғау органдарына таяқшаларын қайтару туралы шешім жүргізушілердің өтініштерінен кейін және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді есепке ала отырып қабылданған.
– Қазақстандық автокөлік иелерінің патрульдік қызметкердің іс-әрекеті таяқшамен анығырақ және түсініктірек көрінетінін айтты, – деп хабарлайды Әкімшілік полиция комитетінен.
Сондай-ақ, ол таяқшаның нашар көру кезінде және қараңғы түнде жолды реттеу үшін қажет екенін сөз етті.
Мақсат Байболов аталған шараға қосымша қаражаттың қажет емес екенін айтады. Себебі таяқшалар полиция қоймасында сақтаулы тұр екен.
23 тамыз 2019 ж. 342 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области