Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ ЭЛЕКТРОНДЫ ПЛАНШЕТ АРҚЫЛЫ ТОЛТЫРЫЛАДЫ

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ ЭЛЕКТРОНДЫ ПЛАНШЕТ АРҚЫЛЫ ТОЛТЫРЫЛАДЫ


Өткен жылдың қазан айынан бастап «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» жобасы іске қосылып, жергілікті полиция қызметіне 29 дана планшет берілді. Қазіргі таңда қосымша 117 электронды планшет алынып, қолданысқа енгізілді. Электронды планшеттердің көмегімен олардың тиімділігі және ашықтығы артып, құқық бұзушылық жасалған орында жүргізушіге әкімшілік хаттамалар электронды түрде рәсімделуде. Сонымен қатар, сол мезетте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде басқармасына тіркеледі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде облыс орталығында бейнекамералар, кешенді фоторадар «Крис-П» және интеллектуалды қиылыстар жұмыс жасауда. Аталған құрылғылар жол қозғалысы ережелерін бұзу, белгіленген жылдамдықты арттыру деректерін анықтап автоматты түрде тіркейді.
Аймақта қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында 72 жедел профилактикалық іс-шара ұйымдастырылған.
Сонымен бірге, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында, қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін 16 мың 541 құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар көрілді.
25 қыркүйек 2018 ж. 578 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области