Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДА АРНАЙЫ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

АРАЛДА АРНАЙЫ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ


    Арал ауданында жергілікті кәсіпкер Ақыл Сәдуақасова  «Туған жер» арнайы жобасы аясында жергілікті әкімдік пен прокуратураның бастамасына қолдау танытты.
    Кәсіпкер «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі» жобасы енгізілген планшеттер мен принтер жиынтығын алуға көмек көрсетті.
    Арнайы жүйеге қосылған құрылғыларды аудан әкімі М.Оразбаев аудандық ішкі істер бөліміне табыстап, жүйенің артықшылықтарына тоқталды. Жаңа жүйе әкімшілікті істерді рәсімдеуде уақыт үнемдеуге сеп болады. Мәселен, бүгінгі таңда бір хаттаманы қағазға жазып тұруға 15-20 минут кетсе, енді планшет арқылы 3-5 минутта толтыруға болады. Яғни, планшет құрылғысына құқық бұзушының ЖСН нөмірін енгізсе болғаны, барлық мәлімет база арқылы көрініп тұрады.
    Аталған жоба «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өту қажет. Сондай-ақ, келешекте планшеттердің санын көбейту көзделіп отыр.





08 қараша 2017 ж. 705 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области