Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖОЛ САҚШЫЛАРЫ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМАНЫ ЕНДІ ПЛАНШЕТПЕН ТОЛТЫРАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖОЛ САҚШЫЛАРЫ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМАНЫ ЕНДІ ПЛАНШЕТПЕН ТОЛТЫРАДЫ


    Сандық жүйені дамыту аясында облыста әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізімі жасақталды, деп хабарлайды 24.kz.
     Аймақта алғаш болып Сырдария ауданының жол-патрульдік полиция инспекторлары жаңа қондырғыларды қолданысқа енгізді. Бұған дейін хаттама, қаулылар қағаз жүзінде жүргізілетін. Ал ол бюджеттің қыруар қаражаты мен адам күшін қажет етеді. Енді бұдан былай жол сақшылары арнайы планшет пен принтер арқылы хаттама көшірмесі мен айыппұл түбіртегін құқықбұзушыға табыстап жібереді. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, жаңа жүйе қағазбастылық пен парақорлықтың алдын алуға да септігін тигізеді.
    – Планшетке теріп басылғаннан кейін барлығы бірден құқықтық статистика комитетінің базасына, есебіне тіркелетін болады. Қызметтік жалғандық жасау және басқа да бұрмалау әрекеттеріне жол бермеу, яғни деректердің алдын алу бағытында үлкен септігі зор деп есептейміз. Барлық жол-патрульдік экипаж қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторларын қамту көзделуде, – дейді Сырдария ауданының прокуроры Асхат Тәженов.

10 қараша 2017 ж. 718 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области