Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ


    Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын.
    ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс-шараға департаменттің Көші-қон полиция басқармасы және Жергілікті полиция қызметінен барлығы 266 қызметкер жұмылдырылды.
    Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабына сәйкес 219 шетел азаматына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
    Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабымен 20 Қазақстан Республикасы азаматы және  519-бабымен 10 Қазақстан Республикасы азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Өзбекстан Республикасының 19 азаматы әкімшілік жолмен, 1 азаматы азаматтық тәртіппен республика аумағынан аластатылды.
    Жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының 19 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

20 наурыз 2018 ж. 665 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области