Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА 19 ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ ЕЛ АУМАҒЫНАН АЛАСТАТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 19 ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ ЕЛ АУМАҒЫНАН АЛАСТАТЫЛДЫ


    20-22 ақпан аралығында Қызылорда облысы аумағында шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алатын заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көруге бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
    Аталған іс-шараға ОІІД-нің 353 қызметкері жұмылдырылып, көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайлары, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
    Нәтижесінде шараның бір күнінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу дерегі бойынша 131 шетел азаматы анықталып, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 9 ҚР азаматына, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру дерегі бойынша 4 ел азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
    Ел шекарасын заңсыз кесіп өткен бір өзбек азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұған қоса, Қырғызстан Республикасының 3 азаматы және Өзбекстан Республикасының 16 азаматы республика аумағынан аластатылды.
    Сонымен қатар, іс-шара барысында көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген 61 шетелдіктің ел аумағында болу мерзімдері қысқартылды.
    Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

21 ақпан 2018 ж. 729 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области